
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2020 жылдың 09 қазанда өтетін «Экономика.Бизнес және Білім» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарланады:
- Бизнес-білім экономиканың инновациялық даму факторы ретінде
- Адами капиталды дамытудағы бизнес-білім берудің рөлі
- Инновациялық үдерістердегі экономика, бизнес және ғылымның өзара іс-қимылы
- Жаңа жағдайдағы экономика, бизнес және құқық
- Экономикадағы, білім берудегі және бизнестегі ақпараттық жүйелер мен технологиялар
- Бизнес-білім беру қазіргі жағдайда аймақтың дамуын қамтамасыз етудің негізгі ресурсы ретінде
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс
Конференцияның өткізілу формасы: онлайн (Zoom бағдарламасы).
Баяндама мен тіркелу үлгісін өткізу мерзімі: 2020 жылдың 01 қазанға дейін.
Конференция материалдарын электронды жинаққа (PDF) шығару жоспарлануда. Баспа шығыны/жарна: білім алушылар үшін (студенттер, магистранттар, докторанттар) – 2000 теңге, ПОҚ – 4000 теңге.