Қызылорда облысы әкімдігі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті 2020 жылы 27 қарашада Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі, тұтас түркі жұртының азаттығы үшін күрескен Мұстафа Шоқайдың туғанына 130 жыл толуына орай «Мұстафа Шоқай – түркі халықтарының азаттығы мен бірлігі жолындағы қозғалыстың көшбасшысы» атты онлайн форматта (қашықтықтан) халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты – Мұстафа Шоқайдың Түркістанның тәуелсіздігі жолындағы күрес тәжірибелері мен көзқарастарын саралау, мұраларын насихаттау, қазіргі Қазақстан жағдайындағы тәуелсіздік идеясының толыққанды мәні мен мазмұнын айқындау, жаңа саяси-әдіснамалық негізде тұжырымдар жасау.

Конференция міндеттері:

– Отандық және шетелдік қоғамтанушылар, жас ғалымдар мен оқытушылар, докторанттар мен магистранттарды Мұстафа Шоқай және Алаш қайраткерлерінің Тәуелсіздік жолында жүргізген саяси күресінің тарихын зерттеуге ынталандыру;

– Мұстафа Шоқай мұраларын мәтіндік және танымдық тұрғыда зерделеу;

– Түркістан және Алаш ұлт-азаттық қозғалыстары туралы мұрағаттық деректерге ғылыми талдау жасап, олардың тарихи құндылықтарын ашу.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, түрік.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

1-секция: Мұстафа Шоқай феномені және түркі бірлігі идеясы.

2-секция: Мұстафа Шоқай мұралары отандық және шетелдік зерттеулерде.

3-секция: Мұстафа Шоқай мұралары – ұлт руханиятының қайнар көздері.

Толық ақпарат:

1. Online conference Korkyt Ata Kyzylorda State University

2. Он-лайн конференция Қорқыт Ата атындағы ҚУ

3. Он-лайн конференция КУ имени Коркыт Ата (1)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.