Yessenov University Сіздерді «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін БЕКЕТ АТА МЫРЗАҒҰЛҰЛЫНЫҢ 270 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ТҮРКІ ЕЛІНЕ МӘШҺҮР ТҰЛҒА – БЕКЕТ АТА» халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Өтетін уақыты: 14 қазан 2020 жыл
Өтетін орны: Ақтау қ., 32 шағын ауданы, Yessenov University
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс
Өту форматы: офлайн/онлайн (Zoom) түрінде

Негізгі мақсаты: Бүкіл түркі жұртына есімі мәлім болған ағартушы ұстаз, ел мен елді мәмлеге келтірген дипломат-саясаткер, ақылман-болжампаз, аты ұлысына ұран болған Пір Бекет Ата Мырзағұлұлының рухани ілімін заманауи білім мен ғылым контексінде қарастыру, Бекет Ата негіздеген «кемел адам» концепциясын әлемдік деңгейде зерделеу.

Конференция келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді:
1.Бекет Ата танымындағы Адам мен Ғалам концепциясы
2.Бекет Ата және қазақтың көркемдік-эстетикалық танымы

Толық ақпарат: Инф. письмо КАЗ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.