Ғылым және коммерцияландыру департаменті (бұдан әрі – ҒжКД) университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның мақсаты әлемдік кеңістіктегі технологиялық прогрестің қазіргі жағдайына жауап беретін университеттің ғылыми және инновациялық қызметін дамыту болып табылады. Департамент индустриялық серіктестермен және ғылым қорларымен жұмыс жөніндегі бөлімнен, жобаларды сүйемелдеу бөлімінен және зияткерлік меншікпен жұмыс жөніндегі бөлімнен тұрады.

Ғылым және коммерцияландыру департаментінің міндеттері:

  • Қазақстандағы және әлемдік кеңістіктегі ғылыми және инновациялық бағыттарды өзектендіру;
  • Маңызды конференцияларға, семинарларға, тренингтерге және т. б. ғалымдардың қатысуын ұйымдастыру.;
  • Ұсынылатын тақырыптарды қаржыландыруды іздеу үшін гранттық қаржыландыру конкурстарына (ҚР БҒМ, ҚР ИДРХО, ҚР ЭМ және т. б.),
    корпоративтік сектор (“Самұрық-Қазына” ҰӘҚ кәсіпорындары, Еуразиялық Топ және т. б.), халықаралық конкурстарға (Erasmus+, Horizont 2020, Shell және т. б.) қатысу;
  • Университеттің салалық бағыты мен өңірлік орналасуына сәйкес бәсекеге қабілетті коммерциялық перспективалы ғылыми әзірлемелерді іздеу және нарыққа шығару;
  • Зияткерлік меншікті қорғау, лицензиялау, консалтинг бойынша қызметтер көрсету;
  • Университет базасында энергетика және телекоммуникация саласындағы жаңа инновациялық компаниялардың дамуын қамтамасыз ету.

Бизнес-серіктестер:

Наименование заказчика
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15

Шетелдік серіктестер:

Государство Наименование партнера Символ
Тұрақты ток желілері бойынша инжинирингтік орталық, Манитоба қ., Канада
University of Texas at Rio Grande Valley, АҚШ
Еуропаның сертификаттау орталығы. Арнхам қ., Нидерланды
Электр энергетикалық жүйелерді автоматтандыру институты. Новосибирск қ., Ресей
Турин политехникалық университеті, Италия
Кадир Хас университеті, Стамбул қ., Түркия

Нормативтік-құқықтық актілер:

Ғылыми-техникалық іс-шаралар: