Хабарландыру
Құрметті студенттер мен оқытушылар!
Ғылым және коммерцияландыру департаменті бірінші курс студенттерінің декадасы аясында «Генератор» жалпы университеттік идеялар мен шешімдер байқауын өткізу туралы хабарлайды! Бұл сіздің шығармашылық қабілетіңізді көрсетудің және университеттің өмірін, тіпті бүкіл әлемді өзгерте алатын инновациялық идеяларды ұсынудың бірегей мүмкіндігі.
Колледж оқушысы, студент, қызметкер, оқытушы! Біз сізді бірінші айналымға – «Идеялар генераторы» инновациялар байқауына қатысуға және керемет идеяларыңызбен бөлісуге шақырамыз.
Байқаудың екінші айналымында – «Шешімдер генераторы» хакатонында-өз білімін, дағдылары мен шығармашылығын көрсету. Команда құрамында сіз бірінші айналымның жеңімпаз идеясын жүзеге асыруға қатыса аласыз.
Байқаудың тақырыбы: "Болашаққа арналған идеялар: ғылымға, білімге және әлеуметтік дамуға үлес қосыңыз".
Байқау туралы толығырақ сілтеме бойынша біле аласыз.
Қазақстанда инновацияларды қолдауға бағытталған байқаулар өте көп. Солардың бірі – Sustainability Living Lab-тың кампусты тұрақты дамыту тақырыбы бойынша университет қауымдастығының «жасыл» ғылыми-инновациялық жобаларын қолдау бағдарламасы. Бұл бағдарламаны «Шеврон» компаниясының қолдауымен Назарбаев Университетінің Тұрақты даму басқармасы мен Ұлттық табиғатты қорғау бастамасы корпоративтік қоры жүзеге асырады. АУЭС командалары биыл үшінші рет қатысып, жарыс жеңімпаздары қатарынан көрінді. Өткен жылдардағы байқаулардың нәтижелері және 2023 жылғы ағымдағы байқаудың жобалары туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.