
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 36 ай іске асыру мерзімімен (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарлайды:
– Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін тиімді пайдалану, экология;
– Геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
– Энергетика және машина жасау;
– Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
– Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
– Өмір және денсаулық туралы ғылым;
– Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
– Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі;
– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс.
Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 14 тамызынан басталады.
Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі-2020 жылғы 28 қыркүйек.
Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu
Тіркелген файлдағы толық ақпарат