Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 12 ай іске асыру мерзімімен (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарлайды:

– Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін тиімді пайдалану, экология;

– Геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

– Энергетика және машина жасау;

– Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

– Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

– Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс.

 

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 14 қыркүйегінен басталады.

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі-2020 жылғы 28 қазан.

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu

Тіркелген файлдағы толық ақпарат

КД казяз ГФ 21-23 на 12 месяцев

КД русяз ГФ 21-23 на 12 месяцев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.