ДНиК зияткерлік меншікпен жұмыс жөніндегі бөлімінің қызметі зияткерлік меншікті құру, қорғау және басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ университеттің ғылыми-өндірістік, педагогикалық және әкімшілік қызметін қолдау және жетілдіру мүддесінде университеттің инновациялық әлеуетін тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған:

– зияткерлік меншік объектілеріне университеттің айрықша құқығын іс жүзінде жүзеге асыру;

– университеттің оқу, ғылыми, өндірістік, халықаралық және басқа да қызметтерін жүзеге асыру кезінде құрылатын зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және коммерциялық іске асыру;

– зияткерлік меншікке қатысты университеттің мүліктік құқықтарын қорғау, сондай-ақ зияткерлік меншік авторларының мүліктік және жеке құқықтарын қорғау;

-университетте ғылыми-техникалық өнімді құрудың инновациялық процестерінің барлық сатыларында қолдау( іргелі зерттеулерден бастап соңғы өнімді сатуға дейін), сондай-ақ оны құқықтық, ақпараттық, маркетингтік және коммерциялық сүйемелдеу.

Зияткерлік меншікті қорғау мақсатында АЭжБУ ПОҚ 2011-2019 жылдар аралығында 88 зияткерлік меншік нысанын тіркеді, оның ішінде: 46 инновациялық патент, 14 өнертабысқа патент, 28 пайдалы модельге патент. Қолданыстағы патенттер 22, оның ішінде: 4 – өнертабысқа Еуразиялық патент, 10-ҚР өнертабысына патент, 8 – ҚР пайдалы моделіне патент. Авторлық куәліктер-4.