Мақсаты: Бөлімнің қызметі зияткерлік меншікті құру, қорғау және басқару бойынша жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ университеттің ғылыми-өндірістік, педагогикалық және әкімшілік қызметін қолдау және жетілдіру мүддесінде университеттің инновациялық әлеуетін тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Негізгі міндеттері: университеттің бірыңғай патенттік және лицензиялық саясатын әзірлеу және жүзеге асыру; зияткерлік меншік объектілеріне университеттің айрықша құқығын іс жүзінде іске асыру; университеттің оқу, ғылыми, өндірістік, халықаралық және басқа да қызметтерін жүзеге асыру кезінде құрылатын зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және коммерциялық іске асыру; зияткерлік меншікке қатысты университеттің мүліктік құқықтарын қорғау, сондай-ақ зияткерлік меншік авторларының мүліктік және жеке құқықтарын қорғау; АЭжБУ ғылыми қызметінің байланыстарын нығайту; инновациялық процестердің барлық сатыларында қолдау көрсету, университетте ғылыми-техникалық өнімді құру (іргелі зерттеулерден бастап түпкілікті өнімді сатуға дейін), сондай-ақ оны құқықтық, ақпараттық, маркетингтік және коммерциялық сүйемелдеу.

Іс-шаралар 2019

Іс-шаралар 2020